- Kia EV9 Red Dot Award: Product Design 2024 салтанатында «Автокөліктер мен мотоциклдер санатындағы» «Үздіктердің үздігі» атанды
- Жаһандық дизайн байқауы Kia дизайн философиясының «Қарама-қайшылықтардың бірлігі» әсерін мойындады
- Kia үшін бұл 2009 жылдан бері Red Dot Design компаниясы ұсынған 29-шы марапат
Kia EV9 «Автокөліктер мен мотоциклдер» санатындағы Red Dot Award: Product Design 2024 салтанатында «Үздіктердің үздігі» деген беделді марапатты иеленді. Жаһандық дизайн байқауының жоғары деңгейіндегі жетістікті Kia бренді мен EV9 моделінің, атап айтқанда, дизайндағы инновациялардың ерекше стандарттарын белгілеуге қосқан үлесін мойындау деп айтуға болады.
Ең жаңашыл әзірлемелерге берілетін Red Dot-тың «Үздіктердің үздігі» деген марапаты брендтің флагмандық электрлік жол талғамайтын көлігі EV9-ды жасаудағы Kia дизайнерлер командасының жетістігін тағы бір рет растады.
«EV9 көмегімен біз жол талғамайтын көліктің әсерлі әрі тиісті сипаты бар электрмобилін жасадық, ол дизайнның шекарасын ғана емес, сонымен қатар пайдалану кезіндегі ыңғайлылықты, қосылу мүмкіндіктерін және экологиялық жауапкершілікті кеңейтеді. Дизайн саласындағы Red Dot ұсынған «Үздіктердің үздігі» марапатын алу тек Kia дизайнерлерінің командасы үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі әріптестеріміз үшін жақсы, бұл инновациялық және шабыттандыратын шешімдерді ұсынуға деген ұмтылысымызды білдіреді», - деп түсіндірді Kia атқарушы вице-президенті және бас дизайнері Карим Хабиб.
EV9 экстерьері айқын сызықтар мен тегіс беткі қабаттар арқасында сенімділік, айқындылық және алаңсыздық береді. «Цифрлық «жолбарыстың күлкісі» және тік фаралар сияқты фирмалық элементтері дизайнын бұрынғыдан да жақсарта түскен, автокөлікке футуристік көрініс беріп тұр.
Red Dot Design Award сыйлығы – дизайн саласындағы ең өзекті марапаттардың бірі. Жыл сайын халықаралық сарапшылардан тұратын қазылар алқасы ұсынылған өнімдерді дизайн сапасы мен инновация дәрежесіне қарай бағалайды. Биыл қазылар алқасы Kia ұсынған «Қарама-қайшылықтардың бірлігі» дизайн философиясының шығармашылық әсерін мойындады.
2023 жылы дебют жасағаннан бері EV9 бірнеше рет сыншылардың оң бағасын алды. Kia-ның флагмандық электр жол талғамайтын көлігі World Car Awards 2024 байқауында екі есе жетістікке жетіп, абсолютті жеңімпаз («World Car of the Year») және ең жақсы электрмобиль («World Electric Vehicle») атанды. EV9 алған басқа да марапаттар: «2024 жылдың дүниежүзілік әйелдер автокөлігі», «2024 жылдың неміс люкс автокөлігі», «2023 жылдың алтын рулі» («Отбасылық автокөліктер» санаты), TopGear.com ұсынған «2023 жылдың отбасылық автокөлігі», «Ұлыбританиядағы 2024 жылдың автокөлігі», сондай-ақ «Солтүстік Америкадағы 2024 жылдың тиімді автокөлігі».
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-21:00
Сб-Жс және мереке күндері 09:00-19:00
Сервис орталығының жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-21: 00
Сб-Жс және мереке күндері 09:00-19:00
Эл.пошта мекенжайы
Официальный дилерский центр Kia – Allur ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»